Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында тағы да киіктер қырылуда

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2015
  • 1072

Қазақстанда қырылған киіктердің саны тағы артты. Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков белгісіз індеттен қырылған киіктер саны бүгін 127 мың 145-ке жеткенін хабарлады. Министрдің айтуынша, ақбөкендердің неден өліп жатқанын отандық мамандар мен шетелдік сарапшылар тексереді.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Aқтөбе облысында жаңа дерек тіркеліп отыр. Тобыл-Торғай табиғи резерваты мен Әйтеке би ауданында ақ бөкендердің өлекселер табылған. Бұл жайында жергілікті тұрғындар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хабар беріпті. Аталған инспекция мамандары оқиға орнына аттанып кетті. Әзірге қанша киіктің өлгені белгісіз. Еске салақ, бұған дейін Ақтөбе облысында 3 мыңнан астам ақбөкен қырылып қалған болатын. Мамандар жануарлардың жаппай қырылуын мөлшерден көп жауған жаңбырдан уланған шөппен байланыстырды.

Мансұр ЕСХОЖИН