Екі күн бойында Каспий жағалауында «Ақтау-Антитеррор-2015» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Сценариге сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің арнаулы бөлімшесі қызметкерлері ланкестер басып алған кемеде және университет ғимаратында арнайы операция өткізіп, көлік пен нысанды азат етті. Оқу-жаттығу жұмыстарына 3 мыңнан астам қызметкер атсалысты. Олар ланкестік қауіпсіздік деңгейін белгілеу механизмі мен төнген қауіп жайлы бұқараны ақпараттандыру барысын негізге алды.
Нұртай Әбіқаев, ҚР ҰҚК төрағасы:
Біз алғаш рет, екі бөлек штабтың қызметін біріктірдік. Бұл антитеррорлық орталық пен қарапайым тұрғындар арасында табиғи апатқа қарсы қауіпсіздікті қамту штабы. Бұқараны ақпараттандыру мәселесі өзекті. Оны да жан-жақты қарастырдық. Біздің басты мақсатымыз - елдік барлық органдарын жұмылдыру болды. Меніңше, бұл міндетті орындадық.
Оқу-жаттығу шаралары әскери полигонда басталып, Ақтау теңіз портында жалғасты. Мұндағы сценарийге сәйкес, ланкестер кемені басып алып, экипажды тұтқынға алады. Сондай-ақ, портта тағы бір төтенше жағдай болған: мұнай танкері отқа оранды. Арнаулы жасақ пен өрт сөндірушілер алға қойылған міндетті бұлжытпай орындап, жергілікті білім ордасындағыларды террористерден «құтқарып қалды». Ал, лаңкестердің көзі жойылды.
Әсем МҰХИТОВА