Батыс Қазақстан облысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына дайындық қызу жүргізілуде. Облыстық сайлау комиссиясының дерегінше, 734 сайлау учаскесі бар, жуырда қосымша 21 учаске ашылған. 430 мың адамға қызмет көрсетіледі, - деді комиссия төрағасы Ғайса Қапақов.
Бүгінге дейін 373 адам үміткер ретінде тіркелген. Олардың 283-і өзін өзі ұсынған. Депутаттыққа кандидат ретінде тіркелген 89 үміткердің 86-сы «Нұр Отан» партиясы, екеуі - «Ауыл», тағы біреуі «Ақ жол» партиясының өкілі. Жасы 25-ке толмаған 36 азамат сайлауда бағын сынап көруге бекінсе, қыз-келіншектердің үлесі 30 пайызға жеткен. Төрағаның айтуынша, үміткерлер қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген адамдар.
Ғайса Қапақов, БҚО сайлау комиссиясының төрағасы:
Батыс Қазақстан облысы әрқашан да өзінің электоралдық белсенділігімен көрініп келеді. Кандидаттардың ішінде БҚО-да тұратын сегіз түрлі ұлттың өкілі бар. Кешегі президент сайлауында халықтың 97 пайызы қатысты. Биыл да сол мөлшердегі адам қатысады деген ойымыз бар.
Еркін КАРИН