Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда балалар күніне орай асықтан жарыс өтті

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2015
  • 1608

Оралдық балақайлар асық атудан жарысты. Сақасын салмақтап, сынға түскендер арасында түрлі ұлттың ұландары бар. 

Шараға келген аға буын асық ойынының «Ханталапай», «Үштабан», «Омпы» ойындары туралы баяндады. Дегенмен, асық ату сайысы тартысқа толы болды. Ойынға барын салып, белсене қатысқан балалардың ішінен мектеп оқушысы Ернар Тарғын өзінің мергендігін дәлелдеп, 1-орынды иеленді. Жарысқа қатысқан басқа балалар да жүлдесіз қалмады. Шараның басы-қасында жүргендер енді ауқымын кеңейтіп, облыстық деңгейде ұйымдастырмақ. 

Ернар Тарғын, жарыс жеңімпазы:

Маған асықты атам үйретті, сол атамның асық үйретуімен бірінші орын алдым.