Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін ҰБТ басталды

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2015
  • 1190

Бүгін Қазақстанда мектеп түлектерінің болашағын бағамдайтын Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Білім және ғылым министрлігі таратқан ақпаратқа сай, маусымның екісі мен он бесі аралығында өтетін жалпылама тестке республика бойынша түлектерден 87 мың 787 өтініш түскен. Бұл - биылғы мектеп бітірушілердің жалпы санының 71 пайызы. Айта кетейік, биыл алғаш рет 12 жылдық білім бағдарламасы бойынша білім алған мектеп бітірушілер де тестілеуде бақ сынайды. Оларға арналған тест тапсырмалары 12 жыл бойында берілген бағдарлама негізінде әзірленген. Еске салайық, ҰБТ-ны өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілген болатын. Биылдан бастап кәмелеттік аттестатқа тестілеу қорытындысы мен пән бойынша жылдық бағаның нәтижесі есепке алынып, орташа баға қойылады. Сондай-ақ, тест қорытындысы құпия ақпарат болып есептеледі, сондықтан нәтижесін тапсырушы түлектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша ғана білуге болады. Білім және ғылым министрлігі жыл сайын тест тапсырмаларының базасы 20-30 пайызға жаңартылып отыратынын мәлімдеген. Дегенмен, ҰБТ тапсыру форматы биыл өзгерген жоқ.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА