Жапондық шенеуніктерге жұмысқа жеңіл-желпі киіммен келуге, ресми түрде рұқсат берілді. «РИА-жаңалықтарының» ақпарынша, мемлекеттік қызметтегілер енді қыркүйек айына дейін жұмысқа гавайлық үлгідегі жиде, қысқа шалбар мен жазғы ашық аяқ-киіммен келе алады. Ал, Үкімет мүшелері Окинаваның оңтүстік бөлігіне тән түрлі-түсті ұлттық «кариюси» киімін кимек. Осылайша шенеуніктер маусым мен қыркүйек арасында әдеттегі пиджак пен галстуктан құтылмақ. Ауа баптағыш құрылғыларда 28 градустен төмендемейтін болды. Бұл - энергияны үнемдеу үшін жасалып отырған қадам екенін билік басындағылар жасырмайды.
Әсем МҰХИТОВА