Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда өзенге батып кеткен кеме капитаны тұтқындалды

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2015
  • 1397

Қытайда Янцзы өзеніне батып кеткен «Шығыс жұлдызы» кемесінің капитаны мен механигі тұтқындалды. Рейтерстің хабарлауынша, үш мыңдай құтқарушы іште қалған жолаушыларды алып шығуға тырысып жатыр. Кеме ішінде жүздеген адам әлі тірі болуы мүмкін. Өйткені су түбінде жатқан кемеден дыбыстар естілген. Полицияның хабарлауынша, кеме қатты дауылдан аударылып, екі минуттың ішінде батып кеткен. Құтқарушылардың 34 кемесі іздестіруді жалғастырып жатыр. Алайда, бұған қолайсыз ауа райы кедергі келтіруде. Құтқару операциясын Қытай мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян өз басшылығына алған. Қазір ол оқиға орнына жетті. Сонымен қатар, апат болған жерге Қытай төрағасы Си Цзиньпин да келеді деп күтілуде. Кеше кешкісін орын алған апаттан 458 жолаушының тек 13-і құтқарылды. Бес адамның мәйіті табылған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ