Русский Сайттың толық нұсқасы

Африкада арыстан американдық туристерді талап тастады

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2015
  • 1240

Африкада арыстан америкалық екі туристі талап тастады. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлайды. Шабуыл салдарынан бір әйел қаза тапқан. Сафари саябағы өкілдерінің айтуынша, оқыс оқиға туристік көлік арыстандардың аймағынан өтіп бара жатқан кезде болды. Арыстан көліктің ашық тұрған терезесінен кіріп, адамдарды тарпа бас салған. Жедел жәрдем де келіп жеткен, алайда қатты жараланған турист әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті. Зардап шеккен тағы бір ер адамның жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Берік ХАСЕНОВ