Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰБТ-ның алғашқы күні аймақтарда да өзгеше басталды

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2015
  • 1813

Сәттілік сыйлайтын шаш қыстырғыштар мен қаламсаптар, автобус билеттері мен қызыл галстуктер, білезіктер мен сақиналар. Бүгінгі сынаққа кейбір ырымшыл түлектер осындай бұйымдарын ала келген. Бірақ сұхбат кезінде білімнің басты орында екенін, түлектердің барлығы мойындайды. Өйткені соңғы екі жыл бойы тест кітаптары олардың жан досына, ал университет аудиториялары өмірінің бір бөлігіне айналған. 

Сағат тілі таңғы 7 жарым. Десе де, Өскемен мемлекеттік университетінің алды адамға лық толы. 700 түлек пен одан екі есе көп туған-туыс басты сыннан зор үміт күтуде. Әйтсе де, бұл «бап пен бақтың» тайталасар күні. Сондықтан талапкерлер ырым-жоралғыны да ұмытпапты. Таққан білезік, шаш қыстырғышы мен галстугін қызылдан таңдаған. Айтуларынша, бұл рең сәттілік сыйлайды.

Мен қант жеймін, рафинад. Тілек тілеймін де, оны жеймін.

Мен өзіммен сәттілік билетін алып келдім. Бұл алғашқы үш цифр мен соңғы үш сан бірдей болғанда, сәттілік әкеледі.

Сәттілікті шақыратын ырым-жоралғы ұстаздарда да бар екен. Мәселен, №16 мектептің меңгерушісі Гүлфариза Ауғамбаева әр баланың арқасынан шынайы ниетпен қақсаң, жолы болатынына бек сенеді.

Гүлфариза Ауғамбаева, Өскемен қаласындағы № 16 мектеп директорының орынбасары:

Чтобы силы были, чтобы не боялись и все делали самостоятельно, чтобы не было никакого страха, а желание было только сделать все. - Вы напутствие им кричали- Знания с вами!!! -Да страх не должен победить.

Ал, Павлодардағы сынақ тапсыру алаңына бір топ талапкерді арнайы автобус алып келді. Бұлар облыс орталығына Лебяжі, Павлодар, Шарбақты және Успенка ауданынан келген оқушылар. Айта кетерлігі, олармен бірге ата-аналар да ере келіпті. Түлектердің жанарына қарап, күдік пен үрейдің табын байқау қиын емес. Әсіресе темір іздегіштер көбін әбігерге салғаны рас.

Тәркіленген заттар арасында ұялы телефон, сағаттар мен теңгелер бар. Ұйымдастырушылар басқадай заң бұзушылықтың болмағанын айтады. Жалпы Павлодарда ҰБТ-ның алғашқы күнінде 1187 түлек сынақ тапсырды. Балалары үшін ата-аналар қобалжулы. Дегенмен, олар ұл-қыздарының жағдайын арнайы орнатылған экран арқылы бақылап отырды.

Ерболат Әбенов:

Ұлым Польшаға медициналық университетке оқуға түсті негізі. Бірақ бүгін ол өзін тексергісі келіп, тапсырып жатыр. ҰБТ тапсырмаса да болады. Енді басқа ата-аналар сияқты біз де оң нәтиже күтеміз. Өйткені бізге аттестаттағы бағаның жақсы болғаны дұрыс.

Шынымен де, ҰБТ арқылы аттестаттағы бағаны түзетуге мүмкіндік бар. Бірақ биылғы жылдың жаңашылдығы бұл ғана емес. Аудиториядағы ахуалды жақсарту үшін, әр бөлмеге желдеткіш орнатылып, видеокамера ілініпті. Дегенмен емтиханның алғашқы күні тыныш өтті. Түлектер үш жарым сағаттан соң сыртқа шыға бастады. Оларды тағатсыздана күткен жанкүйерлері қол шапалақтап қарсы алды.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ