Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда қысқы олимпиада өтпеуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2015
  • 1136

Алматы 2022 жылы Ақ олимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігінен айырылуы ықтимал. Дүниежүзілік Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар осы мәселеге орай өз есептерін жария етті.

Халықаралық Олимпиада комитеті мүшелері Алматының экологиясы мен қаржылық жағдайы әлемдік спорт додасын өткізуге кедергі болуы мүмкін дегенді алға тартқан. Шаһарда ауа өте ластанған, сондықтан спортшылар мен өзге қатысушылардың денсаулығына кері әсер етеді деген пікір білдірген. Ал мұнай бағасындағы тұрақсыздық пен әлемдік экономикадағы қаржылық дағдарыс қысқы ойындардың өз деңгейінде өтуіне кері әсерін тигізуі де әбден ықтимал. Бұл - бағалау комиссиясының есебінде келтірілген ең негізгі екі себеп. Десе де, Олимпиада өткізуге тапсырыс берген қазақстандық ұйымдастыру дирекциясы сенімді жоғалтпайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, 2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының астанасы осы жылдың 31 шілдесінде анықталады. Оны өткізуге үміткер ретінде Алматы мен Бейжің қалалары дауысқа түседі. 

Илья Оразақов, Алматы қаласы халықаралық спорт жобалары дирекциясының директоры:

Халықаралық олимпиада комитетінің өлшемімен алғанда, Алматы, әрине, шағын қала. Тұрғындары 2 миллион адамнан аспайды. Ұйымдастырушыларды билеттің сатылуы мүмкін екендігі де алаңдатып отыр. Бірақ біз бұл тұрғыдан оптимистік көзқараста қала береміз. 9-шы және 10-шы маусым күндері Халықаралық Олимпиада комитеті мүшелеріне барып, техникалық тұжырымдамаларымызды таныстырып қайтамыз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ