Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирус Оңтүстік Кореяға жетті

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2015
  • 1065

Таяу Шығыста белең алған, адам өмірі үшін аса қауіпті коронавирус Оңтүстік Кореяға да жетті. Онда бұл індеттен екі адам көз жұмды, деп жазады «Рейтерс». Белгілі болғандай, марқұмның бірі сырқаттанар алдында Таяу Шығыста болған. Дәрігерлер тағы алты адамның ауру жұқтырып алғанын анықтап отыр. Ресми деректерге сүйенсек, Оңтүстік Кореяда 25 адамның ағзасынан аталған вирустың белгілері табылған. Ал олармен қарым-қатынаста болған тағы 682 адам оқшауландырылыпты. Қазір дерт белгілері бар науқастар медицина мамандары тарапынан қатаң бақылауға алынған. Еске салайық, «Таяу Шығыста басталған респираторлы-короновирусты синдром алғаш рет 2012 жылы, Сауд Аравиясында тіркелген. Осы уақытқа дейін вирусты жұқтырудың 64 фактісі арнайы зертханада анықталып, отыз сегіз жайт қайғылы аяқталған.

Абзал ҚҰРМАНКИН