Русский Сайттың толық нұсқасы

Диас Қадырбаевқа 6 жыл жаза кесілді

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2015
  • 1231

«Мен өзімнің ақымақтық жасағаныма сене алмаймын». Бостон соты алдында қазақстандық студент Диас Қадырбаев осылай деп мәлімдеді. Ол лаңкестік әрекетке қатысы бар Джохар Царнаевты тани тұра полицияға хабар бермегені үшін 6 жыл арқалады. Сот оған осынша жыл жаза кесті. Мұнан бөлек Қадырбаев жатақханадағы Царнаевтың бөлмесін жинап, тергеуге кедергі келтіргенін мойындады,- деп хабарлайды «Қазақпарат».  Сот үкімін тыңдауға АҚШ-қа Қадырбаевтың әкесі барды. Ол ұлының сол мезетте өз әрекетіне есеп бера алмағанын айтады. Қанды оқиғаға қатысы бар екінші отандасымыз Азамат Тәжаяқовқа қатысты сот үкімі 5-маусымда шығады. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі студенттерге құқықтық көмек көрсетуді жалғастыра бермек. Бұл туралы  Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі және айрықша тапсырмалар жөніндегі елші Алтай Әбибуллаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында  жазды. Еске салсақ, лаңкестік әрекет 2013 жылғы сәуірде Бостонда жыл сайынғы марафон кезінде болды. Екі жарылыс салдарынан үш адам қазаға ұшырады, 260-тан астам адам жарақат алды.

Мөлдір ДЮСЕКИНА