Янцызы өзенінде апатқа ұшыраған «Шығыс жұлдызы» кемесінде қаза болғандар саны 14 адамға жетті, - деп хабарлайды Рейтерс. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан іздестіру жұмыстары үзілген жоқ. 140 сүңгуір кеменің ішін ғана емес, өзеннің түбін де шарлап кеткен. Олар тірі қалған адамдар болса, құтқару мақсатында кеменің бұрыш бұрышын тінтіп жүр. Дегенмен, уақыт өткен сайын тірі қалғандардың болуы мүмкін еместігі айтылуда. Із-түзсіз жоғалғандар тізімінде әлі де 400 адам бар. Еске салайық, бортында жүздеген қытайлық туристер бар кеме ішкі рейсте саяхатқа шыққан. Адамдар ұйқыға кетер алдында дауыл салдарынан кеме қас-қағым сәтте суға батып кеткен. Полиция тергеу жұмыстарын бастады. Әзірге капитан мен кеме механигі тұтқындалды.
Мөлдір ДЮСЕКИНА