Еуроодақ Ресейге қатысты санкцияларды 2016 жылдың ақпанына дейін ұзартпақ

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2015

Еуроодақ Ресейге қатысты санкцияларды 2016 жылдың ақпанына дейін ұзартпақ. Осылайша Брюссель Мәскеуді Минск келісімдерін сақтауға мәжбүрлейтін болады. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы жазады. Десе де, бұл әзірге жоспар ғана. Соңғы шешім 25-26 маусымда өтетін Еуроодақ елдері саммитінде шығарылады деп күтілуде. Яғни, санкциялардың жақын уақытта алынатыны туралы ақпар шындыққа жанаспайды. Еске салсақ, шектеулер Ресей Қырымды қосып алғаннан кейін енгізілген болатын. Бұл санкциялар бірқатар ресейлік банктерге, кәсіпорындар мен қорғаныс саласына қатысты болған. Еуроодақ пен АҚШ ресейлік кәсіпкерлер мен саясаткерлерге де қатысты шектеулер қойды.

Жұрағат БАМАН