Қытайда суға кеткен «Шығыс жұлдызы» паромында болған 65 жолаушының денесі шығарылды

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2015

Қытайда суға кеткен кемеде болған 65 жолаушының денелері су астынан шығарылды, - деп хабарлайды Рейтерс. Кеше кешкісін құтқарушылар аман қалған жолаушылар табылып қалар деген үмітпен судан шығып тұрған кеменің түбін  кесті. Құтқару жұмыстарын толассыз жауған нөсер жауын да қиындатып жіберген еді. Кемеде бас-аяғы 456 жолаушы болған. Олардың 14-і аман қалды, 377 азаматтың тағдыры беймәлім. Құтқарылған 14 адам ауруханада дәрігерлердің қатаң бақылауында. Еске салайық, Нанкиннен Чунцинге бет алған «Шығыс жұлдызы» теплоходы 1 маусым күні дауылға тап болып, су астына кетті. Оның бортындағы жолаушылардың басым бөлігі туристік сапарға шыққан қарт адамдар еді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ