Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде ашық аспан астындағы кітапхана ашылды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2015
  • 2461

Өскеменде ашық аспан астындағы кітапхана ашылды. Мұндай ерекше бастамаға мұрындық болған балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері. Автобус аялдамасының маңында өскемендіктер әлем мойындаған классикалық туындылар мен балаларға арналған шығармаларды қызығушылықпен парақтауда. Қажетті бағыттағы қоғамдық көлік келгенше, бірнеше бетін оқып, кітапханаға тұрақты оқырман ретінде де жазылуға ниет білдіргендерді де бар. Кітапханашылар ойларының жүзеге асқандығын айтады. Таза ауада кітап оқыған қызықты, әрі пайдалы. Жазғы оқу залында кез-келген адам оқырман бола алады.

Гүлнар Қадырова, ШҚО Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері:

Халық арасында кітаптар ұмыт қалуда деген көзқарас бар. Бірақ ол олай емес. Дәстүрлі кітапті ешқандай ноутбук немесе өзге де техника алмастыра алмайды. Кітапта өмір бар. Әр кітаптың өзінің иісі бар. Қалай болғанда да кітап адамзаттың баға жетпес серігі.

Мансұр ЕСХОЖИН