Русский Сайттың толық нұсқасы

Лукойл қытайлық Sinopec-тің Қазақстандағы активтеріне 10% жеңілдік жасауға дайын

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2015
  • 1393

Ресейлік Лукойл Қытайдың Sinopec компаниясының Қазақстандағы активтеріне 10 пайыздық жеңілдік жасауға дайын. Бұл туралы Рейтерс өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстан жерінде көмірсутек өндірісі бойынша 4 бірдей жобада үлесі бар. Caspian Investment компаниясының қалған 50 пайызын сату туралы келісім 2014 жылдың сәуірінде жасалған-ды. Компанияның 100 пайыз пакеті қытайлық Sinopec-ке болжаммен 1 млрд 200 млн долларға түскелі отыр. Алайда алдын-ала келісім мұнай бағасы барреліне 100 доллардан жоғары болған кезде жасалған. Сондықтан, Рейтерстің Лукойл компаниясындағы дереккөзі, Қазақстандағы актив құнының 1 млрд доллардан сәл ғана асатынын айтады. Сол себепті Лукойл 10 пайыздық жеңілдікке барса керек.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ