Русский Сайттың толық нұсқасы

Экологтар аймақта органикалық қалдықтарды жоятын зауыт құрылысына қарсылық білдірді

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2015
  • 1194

Керекулік экологтар аймақта органикалық қалдықтарды жоятын зауыттың салынуына қарсы. Олардың пікірінше, бұл жоба жүзеге асырылса, өңірдің онсыз да сын көтермейтін экологиялық ахуалы күрделене түспек. Бұл жайында олар бүгін өткен баспасөз мәслихатында айтты. Еске салсақ, Павлодарда зиянды қалдықтарды жою зауытының құрылысы басталатынын Энергетика министрі Владимир Школьник жариялаған болатын. Сол кезде-ақ, бұқара бұл жобаның іске асырылуына қарсылық танытты. Әсіресе, аталған мәселе мамандарды алаңдатқаны рас. «Экологиялық ахуалы ушығып тұрған өңірде тағы бір зиянды зауыттың салынуы қателік»,- деп есептеген керекулік экологтар жағдайды өзінше зерттеуге кіріскен.

Светлана Могилюк, Павлодар облысы Экологиялық Орхусс орталығының директоры:

Органикалық қалдықтарды күйдіру кезінде - диоксин құрылады. Сарапшылардың зерттеуіне сәйкес, ол - өте қауіпті зат. Стрехниннен 100 есе, циониттік калийден мың есе, кейбір әскери қарулардан 10 мың есе қатерлі. Әсіресе, адам денсаулығына, жыныстық жүйе мен эмбриондардың дамуына кері әсері бар.

Әсем МҰХИТОВА