Атырау облысында жаға ұстатарлық жағдай орын алды. Құрманғазы ауданының 30 жастағы тұрғыны алты жасар қызға азғындық әрекет жасаған. Ол кішкене бүлдіршінді «балмұздақ алып беремін» деп алдап, үйге кіргізіп алып, арам ойын жүзеге асырыпты. Нәпсіқұмар күдікті қамауға алынды. Мұндай сорақылық соңғы екі аптада екінші рет орын алып отыр. Мамыр аяғында кәмелетке толмаған қарындасын қорқытып, үш жыл бойы зорлап келді деген күдікпен 28 жастағы тұрғын қамауға алынған болатын. Құрманғазы аудандық соты қыз баланы балмұздақпен алдаған азғынға қатысты екі айға «күзетпен үстау» бұлтартпау шарасына санкция берді.
Боранбай Ғалиев, Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы:
Алты жасар кішкентай қызға қатысты азғындық жасаған Кудряшов ауылының тұрғыны қамауға алынды. Тергеу органдары күдіктіге ҚР ҚК-нің 124 бабының бірінші бөлігімен, яғни жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекет жасағаны үшін айып тағып отыр.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ