Азамат Тәжаяқов бостандыққа мерзімінен бұрын шығуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2015

Бостондағы терактке қатысты тергеуге кедергі келтіргені үшін сотталған қазақстандық студент Азамат Тәжаяқов бостандыққа мерзімінен бұрын шығуы мүмкін. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында мәлімдеді. «5 маусымда америкалық сот Азамат Тәжаяқовты тергеуге кедергі келтірді деген айыппен 42 айға, яғни үш жарым жылға бас бостандығынан айырған. Десе де, Тәжаяқов сот процесін күтумен екі жылдай уақытын абақтыда өткізді. Ол түрмеде үлгілі тәртіп көрсеткен. Осы орайда жаза мерзімі тағы 6 айға қысқартылуы мүмкін» - деп жазған. Ал Тәжаяқовтың әкесі сот үкімі әділ деп есептейді. Бұл жөнінде Әмір Ысмағұлов кеше біздің арнаға телефон арқылы берген сұхбатында айтқан болатын. Сөзінше, оның ұлы Америка түрмесінде енді 7 ай қамақта болады. Қазір дәл осындай айыппен 6 жылға сотталған Диас Қадырбаевтың да жазасын өтеу орны әлі белгісіз. Бүгін қазақстандық дипломаттар қамауда отырған студенттердің физикалық және психологиялық жағдайымен танысу мақсатында олармен кездескенін хабарлады. Еске салсақ, 2013-жылы Бостон марафоны кезіндегі жарылыстан 3 адам көз жұмып, 260-тан астамы жарақаттанды.

Жұрағат БАМАН