Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V съезінің секциялық отырыстары тәмамдалды

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2015
  • 1392

Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері бесінші съезінің секциялық отырыстары тәмамдалды. Форумның екінші күні «Дін және саясат: жаңа ағымдар мен перспективалар», «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері арасындағы бейбітшілік, өзара құрмет пен түсіністікке негізделген диалог» атты қос секция өтті. Айта кетерлігі, биылғы жиын өткен съезге қарағанда тиянақты, шағын құрамда өтуде. Түстен кейін Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы мен түрлі саяси ұйымдар атынан келген мәртебелі қонақтардың қатысуымен съездің жалпы отырысының екінші бөлімі жалғасады. Одан кейін астаналық рухани форумның бесінші жиыны қорытындыланады. Оның нәтижесі бойынша үндеуі қабылдануы тиіс. Айта кетейік, кеше президент Нұрсұлтан Назарбаев қорытынды құжатта әлемдік саяси, діни лидерлердің назарына бес негізгі мақсат ұсынылады,- деп мәлімдеген-ді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ