Қостанай облысы Торғай атырабында ірі қара малдың жаппай қырылуына киіктерге келген кеселдің қатысы жоқ. Үй жануарларына ешқандай жұқпалы індет тимеген. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының өкілдері мәлімдеді. Мамандар Жангелдин ауданындағы 4 шаруашылықтан зертхана материалдарын жинаған. Сараптама нәтижесі өлген малда «сібір жарасы, қарасан, пастереллез» сынды қауіпті аурулардың жоқ екенін көрсетті.
Қазір аймақта ірі қара мал арасындағы өлім-жітім тиылды, қажетті санитарлық шаралар қолданылып жатыр. Еске сала кетейік, облыста арнайы құрылған комиссия көктемнен бері Жангелдин ауданы аумағында 58 бас тана-торпақтың арам өлгенін анықтаған болатын. Ветеринарлар оның 8-інен сынама алды.
Бауыржан Бекетов, Қостанай облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
Енді қалған 4 сынама бар, солардың нәтижесін күтіп отырмыз, біздің ойымызша, әуелде айтылғандай, малдың арасында өлім-жітім болу себебі биылғы қыс аяғының ұзап кетуіне байланысты. Сосын жауын-шашын көп болды биыл.
Заңғар САНАЙ