«Мемлекет басшысы ArcelorMittal компаниясының атқарушы директоры әрі төрағасы Лакшми Митталды қабылдады», - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында компанияның Қазақстан экономикасын дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы үлесі әңгіме болды.
«Сондай-ақ Теміртаудағы «Арселор Миттал» комбинатының әлемдік экономикалық сын-қатерлер жағдайындағы нәтижелі жұмыс жоспары да талқыланды», - делінген хабарламада. Аталмыш АҚ Қазақстанның тау-кен өндірісі саласындағы ArcelorMittal халықаралық болат құю концерні құрамында.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ