Есеп комитеті «EXPO-201» көрмесіне бөлінген қаржының жұмсалуын тексермеген. Бұл туралы кеше өткен Сенат отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында Комитет төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлімдеді. Оның айтуынша, Есеп комитеті алдын ала белгіленген жоспарға сай жұмыс істейді. Ал EXPO-ға жұмсалған қаражатты тексеру жоспарда болмаған.
Қозы-Көрпеш Жаңбыршин, ҚР Есеп Комитетінің төрағасы:
Кейде Мемлекет басшысы немесе Президент әкімшілігінен белгілі бір себептермен арнайы тапсырмалар түседі. Сол тапсырмаларды орындау мақсатында біз тексере аламыз. Бірақ осы уақытқа дейін ондай тапсырма түскен жоқ.
Айгүл ӘДЕПБАЙ