Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы автобус жолағына шыққан көлік иелері айыппұл төлейтін болды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2015
  • 1657

Алматыда Абай даңғылы бойындағы арнайы жолаққа шығып кеткен жекеменшік көлік жүргізушілері айыппұл төлейтін болды. Тек қоғамдық көліктердің жүруіне арналған жолақпен қасақана жүрген көлікті жол инспекторлары мен бейне бақылау камералары анықтайды. Айыппұл көлемі 10 айлық есептік көрсеткіш болып белгіленген. Бұл туралы әкімшілік полиция және қалалық әкімдік өкілдері мәлімдеді. Арнайы жолаққа шығып кеткен өзге көліктерді қоғамдық көліктерге орналастырылған бейнетіркегіштер де бақылап отырады. Қажет жағдайда олар да жол полициясына ақпарат жібереді. Ал оң жақ бағытқа бұрылатын көліктер мен арнайы жеңіл таксилердің жолаққа кіруіне рұқсат беретін белгілер қойылған. Айыппұл өз жолағынан шығып кеткен қоғамдық көлік жүргізушілеріне де қарастырылған. Айта кетейік, маусым айынан бастап Алматыдағы Абай даңғылында қоғамдық көліктерге арнайы жолақ жасалды. Егер ол сынақтан сәтті өтсе, қаладағы өзге көшелерге де енгізіледі,- дейді жерігілікті атқарушы билік өкілдері.

Талғат Әбдірахманов, Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы:

Адамдар қоғамдық көлікке ыңғайлы отырып,уақытында баратын жеріне жетуіне жағдай туындады. Осы Абай көшесінің бойынша мысалы беталды қоя берген көліктер көп болатын. Ол тіпті, қыс кезінде қар тазалауға да қатты кедергі келтірді.Енді ол жағы шешілді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ