«ИсламНьюс» әлем елдеріндегі ораза ұзақтығын анықтау мақсатында, арнайы зерттеу жүргізді, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат», «Нұр Астана» мешітінің сайтына сілтеме жасап. Нәтижесінде күннің ең ұзақ уақыты Дания елінде тіркеліп отыр. Онда Оразаның орташа уақыты 21 сағатты құрайды. Исландия, Норвегия және Швеция елдерінде де, Оразаның ұзақтығы - 20 сағат, Ұлыбритания мұсылмандары 19 сағат ауыз бекітеді. Ал Германияда 18 сағаттан сәл жоғары уақытқа жалғасады. Сондай-ақ, Вашингтон мұсылмандары 17 сағат ауыз бекітсе, Канада тұрғындары 18 сағатты Оразамен өткізеді. Ал Оразаның қысқа уақыты Оңтүстік Америка елдеріне тиесілі, онда мұсылманның бес паразының бірі 12 сағатты құрайды. Австралия, Бразилияда сәйкесінше, 12 жарым және 12 сағаттан. Сауд Арабиясындағы Ораза ұзақтығы 16 сағаттан сәл асады. Біріккен Араб Әмірлігінде шамамен 15 жарым сағат болса, Кувейтте - 16 сағат. Мысыр, Тунис пен Алжир елдерінде Оразаның орташа уақыты 16 жарым-17 жарым сағат. Қытай елі де осы шамалас. Ал көршілес Ресей елінің мұсылман жұртшылығы шамамен 20 сағат 49 минут ораза тұтады. Айта кетейік, Қазақстанда ауыз бекіту ұзақтығы 19 сағатқа созылады.
Тоғжан ОСПАНБАЕВА