«Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады», - деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Нұртай Әбіқаев Мемлекет басшысына қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру жайын баяндады.
Сондай-ақ, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да сөз болды. Өз кезегінде Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА