Еуропалық одақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша келіссөздер аяқталғанын оң бағалайды. Бұл туралы Одақ таратқан мәлімдемеде хабарланды,-деп жазады Қазақпарат. «Еуропалық одақ ұзақ жылдық мақсаттарға қол жеткізуде маңызды рөлге ие болды, енді ДСҰ-ның Бас кеңесі бұл шешімді саяси жағынан бірауыздан мақұлдайтынына сенім артады», - деп атап өтілген ЕО хабарламасында. Бұл Қазақстанның жан-жақты сауда жүйесінің толыққанды мүшесі ретінде алдағы желтоқсанда өтетін ДСҰ министрлер конференциясына қатысуына мүмкіндік беретіні де атап өтілген. «Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі екі жақты экономикалық ынтымақтастық жағынан да маңызды болып табылады», - делінген Еуроодақ мәлімдемесінде.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА