Украина соңғы үш жыл бойында қордаланып қалған қарызын қайтара алмайды. Мұны ел үкіметінің басшысы Арсений Яценюк те мойындады. Goldman Sachs келесі айда Украина дефольт жариялауы мүмкін деп есептейді.Ел премьері болса, Америка сауда палатасы өкілдерімен кездесуінде қарызды қайтара алмайтындықтарын айтты,- деп хабарлайды ТАСС. Осыған ұқсас ақпарды Bloomberg агенттігі де хабарлады. Американың инвестициялық компаниясы Goldman Sachs-ке сүйеніп жасалған болжамға сай Украина шілде айынан бастап несиені төлей алмай, дефольт жариялайды,- делінген агенттік таратқан ақпаратта. Украинаның Ұлттық банкі жыл соңына дейін елдің қарызы триллион гривеннен асатынын болжады. Бұл елдегі ішкі жалпы өнімнің 93 пайызына тең. Ал ел парламенті Үкімет әзірлеген сыртқы қарыздарды өтемеуге рұқсат беретін заң жобасын қолдап отыр. Кремль болса бұл шешімді «дефолтқа қадам» - деп атады.
Мөлдір ДЮСЕКИНА