Елордада «Астана есірткісіз қала» акциясы бастау алды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2015
  • 2943

Бүгін Елордада «Астана - есірткісіз қала» атты спорттық акция бастау алды. Іс-шара «Салауатты ұрпақ» жобасы аясында «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күнге» орай ұйымдастырылуда. Спорттық жарыстар қаланың он бестен астам жерінде өтуде. Солардың бірі - Студенттер саябағында бастау алды. Іс-шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықтың спортқа деген қызығушылығын ояту, қала жастарының бос уақыттарын тиімді өткізуге, бірлікке, ұйымшылдыққа шақыру. Іс-шара қалалық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының, Нұр Отан партиясының қолдауымен өткізілді. Спорттық мерекелік іс-шара ұлттық нақышта жалғасын тауып, жиналған қатысушылар бірлесіп «Қара жорға» биін биледі.

Салтанат Әли, «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалының төрайымы:

Көбінесе бұл шараға 20 жаспен 30 жас аралығындағы жастар қатысып отыр. Астана қаласының жұмыскер жастарымен студенттер. Осындай іс-шара арқылы жастарды бұқаралық спорт түрлеріне шұғылдануға және өзіндік жаңағы есірткімен күреске, бас уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіншіліктері бар.

Берік ХАСЕНОВ