Жұма күні Тунистегі жағажайлардың бірінде 38 адамды атып тастаған 23 жасар содырдың сыбайластары бар. Бұған Тунистің Ішкі істер министрлігінің өкілі сенімді, - деп хабарлайды ВВС-дің орыс қызметі. Маусымның жиырма алтысы күні Imperial Marhaba отелінің жағажайында атыс ұйымдастырған студент Сейфеддин Резги полицейлермен ұрыс кезінде оққа ұшып, мерт болды. Қазір атыс алаңына айналған жағажай қайта ашылды. Түйе мінген тұрғындар тынығу орнындағы ахуал оңалғанын көрсеткісі келгендей, қолдарын шапалақтап, шапқыласа керек. Еске салайық, террактан соң туристер Тунистен жаппай кете бастады. Айта кеткен жөн, туризм саласы бұл елде табыстың негізгі көзі болып саналады.
Сабрина Бенсилем:
Туристердің Тунисте қалып, жергілікті халықты қолдап отырғандығы қуантады. Әрине, террорлық акт туған жерімізде орын алғаны өкінішті. Ел қара жамылды.
Тоғжан ОСПАНБАЕВА