Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Миланға сапары барысында, «Эни» компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен кездесіп, Қашаған кен орнын игеру жайын талқылады. Кездесуде компанияның Қазақстандағы қызметіне қатысты қазіргі жағдайы және оның елдегі мұнай-газ саласын бұдан әрі дамытуға қатысуының негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Тараптар сондай-ақ, Қашаған кенішін игеру аясында тиянақты әрі үйлесімді жұмысты қамтамасыз етудің қажеттілігін атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі Қашаған 2016-шы жылдың соңы 2017-ші жылдың басында жұмысын қайта жандандыратынын хабарлаған еді.
Тоғжан ОСПАНБАЕВА