Халықаралық ғарыш станциясына жүк тасымалдауы тиіс Falcon 9 АҚШ зымыраны апатқа ұшырады

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2015
  • 1128

Халықаралық ғарыш станциясына жүк жеткізуі тиіс «Falcon 9» АҚШ зымыраны көкке көтеріле сала отқа оранды. Старттан 3 минут өткен соң ракета жарылып кетті. Кеме халықаралық ғарыш станциясына 2 тонна азық-түлік пен арнайы жабдықтар жеткізуі тиіс еді. Кеме станциямен 30-маусымда түйісуі тиіс-тін.  NASA дерегінше, зымыранның қалдықтары Атлант мұхитына құлады. Апаттың себептері әлі жарияланған жоқ. Тек, Falcon 9 зымыранын құрастырған компанияның басшысы, қиындықтар ракетаның бірінші сатысын сөндіру кезінде пайда болды, - деп өзінің Twitterдегі жеке парақшасында жазды. Ал ресейлік мамандар, апат бірінші сатылы қозғалтқыш жарылысынан орын алды,- деген жорамал жасады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ