Грекия банктері жаппай «демалысқа» шықты

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2015
  • 1133

Грекия билігі банкоматтардан тәулік ішінде ақша шешуді 60 еуроға дейін шектеді. Бұл туралы БАҚ өкілдері  хабар таратуда. Грекия банктері 6-шілдеге дейін жабылады. Бұл мерзім ұзаруы мүмкін, - деп хабарлайды Рейтерс. Сондай-ақ ел билігі шетелге қаржы аударымдарын жасауға да тыйым салған. Алайда шектеу туристерге қатысты емес. Бұған дейін, Грекия тұрғындары банкоматтардағы ақшаны жаппай сыпыра бастаған. Жуырда, кредиторлар Афинаға ХВҚ-ның несиелерін өтеуді кейінге шегеруге келісім бермеді. Олар сонымен қатар Грекияға қаржылай көмек халықаралық бағдарламасын жалғастырудан үшінші рет бас тартып отыр.  Оған жауап ретінде, ел билігі несие мәселесін 5-шілдеде жалпыхалықтық референдумда шешпекші. Грекия 30-шы маусымға дейін 1 млрд 600 млн еуро қарызын өтеуі тиіс, алайда елде ақша жоқ. Афина жаңа несиелерге қол жеткізбесе, дефолт жариялап, Еуроаймақтан шығуға мәжбүр болады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ