Алдағы бірнеше күнде Қазақстан аймақтарында «ми қайнатар» аптап болады. Қазгидромет бүгін еліміздің 6 облысында шамадан тыс ыстық болатынын ескертті. Синоптиктер ақпаратынша, 29- маусым мен 1- шілде аралығында Атырау облысында сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтеріледі. Айта өтейік, бұған дейін мұнда тұрғындар термометр көрсеткіші 50 градусқа көтерілгені жайында хабарлаған. 30- маусым мен 2-шілде аралағында, «Маңғыстау облысында 40-45 градус аптап ыстық болады»- деп болжануда. Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облыстарында ауа темперутарасы 40 градусқа көтеріледі, ал Шығыс Қазақстанда керісінше, күндіз жел соғып, оның жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді. Кей аудандарда найзағай ойнайды. ОҚО-да да осындай ауа райы күтілуде. Қызылорда да қатты желдің салдарынан шаң көтеріледі. Мұнда ауа температурасы +45 градус шамасында болады.
Илхам ИБРАГИМ