3 шілдеден бастап Қазақстанның кез-келген азаматы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа интернет арқылы тікелей хат жолдауға мүмкіндік алады. Президенттің ресми akorda.kz сайты жаңартылған нұсқада іске қосылмақ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сайттың құрылымы қолайлы бола түседі, дизайны да планшеттер мен смартфондарда толық көрінетіндей нұсқада жаңартылмақ. «Президентке хат» функциясы аясында азаматтардың Мемлекет басшысына хат жолдау мүмкіндігі де қарастырылған.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА