Русский Сайттың толық нұсқасы

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында аптап ыстық болатынын ескертуде

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2015
  • 1477

Ал Қазгидромет алдағы бірнеше күнде Қазақстан аймақтарында «ми қайнатар» аптап ыстық болатынын хабарлады. Синоптиктердің ақпаратына сүйенсек, 29- маусым мен 1- шілде аралығында Атырау облысында сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтеріледі. Айта өтейік бұған дейін мұнда тұрғындар термометр көрсеткіші 50 градусқа көтерілгені жайында хабарлаған. Маусымның 30-ы мен шілденің 2-сі аралығында, «Маңғыстау облысында 40-45 градус аптап ыстық болады»- деп болжануда. Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облыстарында ауа температурасы 40 градусқа көтеріледі, ал Шығыс Қазақстанда жылдамдығы секундына 20 метрге жететін жел соғады. Кей аудандарда найзағай ойнайды. ОҚО-да да осындай ауа райы күтілуде.

Илхам ИБРАГИМ




С