Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда қымбат көлік иелері салық төлеуден жалтарып жүр

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2015
  • 1175

Атырауда қымбат көлік иелері салық төлеуден жалтарып жүр. Онымен қоса түрлі айыппұлдарды төлеуге де асығар емес. Сондықтан прокурорлар мен сот орындаушылар борышкерлерді өздері іздеп, жолға шықты. «Қымбат көлік тізгіндегенді ұнататындар, берешегін төлеуге келгенде сараң. Тоқтатылған әр оныншы көліктің иесі борышкер»,- дейді қалалық прокуратура қызметкерлері. Екінің бірі қол жеткізе бермейтін автокөліктердің иелері арасында, түрлі сылтаумен жылдар бойы салықтан бой тасалап жүргендер жетерлік. Мысалы, мына павлодарлық қонақ - астындағы «Тойота Прада» көлігіне салық төлемегелі, 4 жыл болыпты. Жүргізуші себебін түсіндіруден бас тартты. Қымбат көлік осы жолы айып тұрағына жөнелтілді. Құзырлы орындар, иесі салығын төлеген соң ғана көлігі кері қайтарылатынын айтты. Ал мына «Тойота Ланд Крузерді» тізгіндеген жас жігіт көлікті досымнан уақытша сұрап алдым»,- дейді. 16 мың теңгеден астам айыппұлы барын білмепті. Прокурорлардың айтуынша, бүгінде Атырауда түрлі салықтар мен айыппұлдарға қарыз он мыңнан астам көлік бар. Олардың жартысынан көбі - құны қымбат шетелдік үлгідегі көліктер.

Төрехан Айбеков:

Менің машинам емес, сұрап алғам просто, айыппұл бар екен білген жоқпын. Иесіне айтпасаңыз, дос баламның машинасы сұрап алғам.

Мейрамгүл Қыстаубаева, Аырау қаласы прокурорының көмекшісі:

Бір мыңнан астам автокөлік иелерінің айыппұл берешегі тексеріліп, алынған шаралар нәтижесінде мемлекет пайдасына миллион бес жүз мың теңге көлемінде қаражат өндірілген. Ақша төлемеу себептері - борышкерлердің жұмыссыздығынан, қаражаттың жоқтығына байланысты.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ