2020-жылы Қытай мен Еуропа арасындағы жүктердiң 10 млн. тоннасы трансқазақстандық магистральдар арқылы өтедi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Ерлан Карин мәлiмдедi.
Ерлан Карин ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер интситутының директоры:
Бiз Қытаймен құрлықтық көлiктiк дәлiздердi салуға мүдделiмiз. ҚХР мен Еуропалық Одақ арасындағы жүк тасымалы 117 млн. тоннадан 170 млн. тоннаға дейiн артпақ. Қазақстан 2020 жылы трансқазақстандық бағытқа шамамен оның 10 млн. тоннасын тартуды жоспарлауда. Осы мақсатта ұлттық, бiздiң елдiң көлiктiк-транзиттiк жүйенiң дамуына 40 млрд. доллар капитал тартылады.
Мөлдір ДЮСЕКИНА