Қылмыскерлерді темір торға тоғытудан өзге баламалы жазалау әдісін қолданған дұрыс. Шығыс Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің прокурорлары 6 ай бойына зерттеу жасап, осындай байламға келді. Тәжірибе көрсеткендей альтернативті жаза бағдарламасына қатысқан 3 мың қылмыскердің, тек он тоғызы қылмыстық әрекетерін қайталаған көрінеді. Қалғандары жұмыс істеп, айыппұлдарын төлеп жүрсе керек. Айта өтейік, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға баламалы жаза қолданылмайды. Жалпы, жыл басында қылмыстық атқару жүйесі негізінде жаңа қызмет құрылған болатын. Мақсат, еліміздегі қылмыскерлердің санын азайту. Осыған орай, бас бостандығынан айырылған әр қылмыскерге, кешенді жұмыс жоспары таңдалып, тәртібі қатаң бақылауға алынады.
Әсет Бейсекенов, ШҚО прокурорының көмекшісі:
Пробация қызметінің статистикалық есептеріне қарағанда осы жарты жылда өткізілген қызметтерінде едәуір тиімділік байқалады. Атап айтқанда қылмыс жасап, есепке тұрғандардың қайталана қылмыс жасау көрсеткіші 48 пайызға төмендеген.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА