Либерияда алты аптадан кейін эбола вирусы қайта тіркелді

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2015

Либерияда алты апта үзілістен кейін эбола вирусы қайта тіркелді. Кенеттен қаза тапқан 17-жастағы жігіттің бойынан індет белгілері табылды,- деп хабарлайды ВВС. Дәрігерлер марқұмның соңғы күндері кіммен араласқанын анықтауда. Денсаулық сақтау минстрлігі тұрғындарды сақ болуға шақырады. Бірақ дүрбелеңге түсуге негіз жоқ деп ескертеді. Ал көршілес екі мемлекет Гвинея мен Сьерра-Леонада індетті жұқтырғандар саны артуда. Бұл Батыс Африкадағы жаңбыр маусымымен байланысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы безгектен 11 мың адам көз жұмғанын айтады. Оның 4700 дейі либериялық болатын. Аталмыш ұйым 9-мамырда елде індеттің таралуы тоқтағанын хабарлаған. Бірақ көршілес мемлекеттерден қауіп барын жасырмады.

Мөлдір ДЮСЕКИНА