Бүгін Қазақстанның бес қаласында бір мезетте 360 отбасы көптен күткен баспаналарының кілтін алды. «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана, Алматы, Қостанай, Павлодар және Ақтөбе қалаларында кезек күткен азаматтарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.{+ШУ}
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында берілетін әлеуметтік баспана алғашқы жарнасыз, тиімді шарттармен үлестіріледі. Астаналық ұстаз Сандыгүл Нысанбаева пәтер иесі атанған бақытты жандардың қатарында. Ұстаз бүгінгі қуанышты сәтті он жыл бойы күткенін айтады.НХ}
Сандыгүл Нысанбаева:
Бір жақсы жері бұнда ешбір салым салынбайды екен. Астанада пәтер алу оңай емес қой. 70 шаршы метрге 78 мың теңге. Көптен бері күткен қуаныш мен үшін, менің жанұям, менің жақын-жуықтарыма. Үлкен сый болды елорда күні қарсаңында, өте қуаныштымын, бақыттымын.
Сержан Мәдиев, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ Басқарушы директоры:
Пәтерге қол жеткізу үшін жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегіне тұру керек. Пәтер беруді әкімдік реттейді, біз тек баспана құрылысы мен оны иемдену жолдарын қадағалаймыз.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ{