Қазақстан ДСҰ келіссөздері бойынша Агроөнеркәсіп саласына 8,5 пайыз көлемінде қолдау көрсетуге келісті

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2015

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздер барысында ауылшаруашылық саласына 8,5% деңгейінде мемлекеттік қолдау жасау мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл жайлы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Айта өтейік, бұл 5 жылға созылған келіссөздердің нәтижесі. Ал, ДСҰ-ға мүше өзге елдер болса, стандартты 5 пайыз көлемінде қолдау жасайды,- дейді Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова. Осылайша отандық  Агроөнеркәсіп кешеніне  «Агробизнес 2020» бағдарламасы негізінде жыл сайын қомақты қолдау көрсетуге мүмкіндік алдық дейді ол. Естеріңізге салайық, 22 маусым күні Женевада ДСҰ жұмыс тобының соңғы отырысы өтті. Онда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді аяқтағаны туралы ресми түрде мәлімденді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ