Қызылорда облысында шетінеп кеткен немересіне бір жыл бойы жәрдемақы алып келген жергілікті тұрғын жауапкершілікке тартылды. Бұл жайында арнамызға облыстық прокуратураға қарасты басқарманың аға прокуроры Ерлан Жоланов хабарлады. Арал ауданының прокурорлары анықтағандай, 2010-жылдың 8-қазанында дүниеге келген сәби, 12-қазан күні шетінеп кеткен. Бірақ нәрестенің әжесі өмірде жоқ немересіне бір жыл бойы мемлекеттен жәрдемақы алып келіпті. Сөйтіп, 117 мың 129 теңгені өз пайдасына жаратқан. Арал аудандық сотының шешімімен енді ол әйел мемлекетке келген шығынды толық қайтаруы тиіс. Және істеген ісі үшін жауапкершілікке тартылды.
Ерлан Жоланов, Қызылорда облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокурары:
Арал ауданы сотының Қылмыстық Кодексінің 420 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп табылып бір жыл бас бостандығына шектеу сотты болған. Себебі осы аталған немересінің бір жылдан кейін қайтыс болған, - деп жалған айғақ берген.
Ш. САҚТАПОВА