Қазан қаласындағы көшелердің біріне Қазақстан Президентінің есімі берілді

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2015

Татарстан астанасы Қазан қаласындағы көшелердің біріне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Қала мэриясының шешімімен Эсперанто көшесі бұдан былай Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көше аталатын болды,-деп жазады  ProKazan.ru сайты. Бұл бастаманы Татарстан Республикасы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы көтерген еді. Бүгінде көшедегі тақтайшаларды ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын. «Топонимика бойынша муниципалдық білім беру басшылығы бұл ұсынысты қарады. Вахитов және Приволжск аудандары аймағындағы Эсперанто көшесіне мекен-жай номерлерін сақтай отырып, Нұрсұлтан Назарбаев есімін беру туралы шешім шығарылды»,- делінген қалалық атқару комитетінің баспасөз хабарламасында. Ал Татарстан қазақтарының қуанышында шек жоқ.

Ләйлә ҚАЗИВҚПАРОВА