Қызылжар өңірінде қасақана қылмыс жасаған адамдардың саны артып отыр

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2015

 Қызылжар өңірінде қасақана қылмыс жасайтындар көбейген. «Осы жылдың 5 айында өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда қылмыстар 16 пайызға көбейді»,- деп хабарлайды Солтүстік Қазақстандық прокурорлар. Қасақана жасалған қылмыстар бойынша Қостанай бірінші орында тұрса, Шығыс пен Солтүстік Қазақстан облыстары екінші және үшінші орында тұр. Белең алған заңсыз әрекеттердің санын азайту мақсатында Петропавлда құзырлы орган қызметкерлері кеңейтілген алқа отырысын өткізді. Кеңесте аталмыш проблеманы түпкілікті жою мәселесі қаралды. Жиында белгілі болғандай, «заңды белден басу» әрекетін көбіне ащы суға құмарлар мен жұмыссыздар жасайды. Облыстық прокуратура Американың қылмыспен күресуге арналған бағдарламаларын меңгермек. Жоба 2 кезең бойынша іске асырылады. Алдымен, олар кәсіпкерлердің түнде ішімдік сатуына тосқауыл қоймақ. Кейін заңсыз сауда нүктелерін жоюды жоспарлап отыр.

Бақытжан Сәдібеков, СҚО прокуратурасы 2-басқарманың басшысы:

Талдаудың анықталғаны 16 пайызға өсу себебінің басым бөлігі Петропавл қаласы және облысымыздың аудандарының үлесінде. Негізгі факторлардың себебі - бұл 70 пайыз азаматтардың мас күйінде, жұмыссыз, осы санаттағы азаматтармен жасалған.

Абзал ҚҰРМАНКИН