Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттады

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2015

Қырғызстан басшысы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттады. Бұл туралы Қырғыз Президентінің баспасөз қызметі хабар таратуда. Алмазбек Атамбаев тиісті Жарлыққа қол қойған. Ол Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев одақтастық қарым-қатынастарды және Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға, екі елдің тату көршілігі мен достық қарым-қатынасын нығайтуға қосқан үлесі үшін І дәрежелі «Манас» ордені иегері атанды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА