Хабарымыздың соңында ауа райы туралы мәлімет. «Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, алдағы күндері ел аумағында күн салқындайды. Шілденің алғашқы он күндігі жаңбырлы болмақ, ара-тұра қатты жел тұрады. Әсіресе алдағы сенбі-жексенбі барлық аймақтарда ауа райы күрт өзгереді. Солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық өңірлерде желдің жылдамдығы шамамен секундына 25 метрге жетпек. Ауа температурасы, түнде оңтүстікте +15-20 градус, ал солтүстік пен орталықта +7-12 градусқа дейін түседі. Қостанай облысының жекелеген аудандарында түнде ауа температурасы +4 градус болмақ. Сондай-ақ, жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жауады деген болжам бар. Ал, шілденің екінші онкүндігінде күн қайтадан ысиды.
Тоғжан ОСПАНБАЕВА