Киіктердің жаппай қырылуына не себеп болғанын Оңтүстік Африка Республикасының мамандары анықтайды. Бұл жайынды Астана арнасына сұхбат берген Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев айтты. Еске салсақ, елімізде қызыл кітапқа енген түз жануарларының 134 мыңнан астамы белгісіз себептермен қырылып қалды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері ақбөкендердің өліміне пастереллез індеті себеп болды деген еді. Алайда, ведомство өкілдері енді «бұл нақты емес», - дейді.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Киіктердің жаппай қырылу фактісін анықтау үшін барымызды салып жатырмыз. Таяуда Оңтүстік Африка Республикасының мамандары келіп кеткен. Олар бетпақ далаға барып, сынамалар алды. Біраздан соң қорытындыларын жариялайды.
Айта өтейік, Оңтүстік Африка Республикасының мамандары мен қатар отандық ғалымдар да бұл мәселемен айналысып жатыр. Вице-минстрдің айтуынша, олар өз зерттеулерінің нәтижесін келесі аптада жариялайды.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА