Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде әлеуметтік наннын бағасы 4 теңгеге қымбаттады

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2015
  • 999

Ақтөбеде әлеуметтік наннын бағасы 4 теңгеге қымбаттады.Сәрсенбі күні 1-ші сұрыпты ұннан жасалатын нан бағасы сауда сөрелеріне 53 теңгеден жеткізілген. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы хабарлады. Шенеунік қымбатшылықтың басты себебі - бидайды тасымалдау шығындарына байланысты болып отырғанын айтты. Ақтөбе облысы егінді аймақ қатарында болмағандықтан, өндірушілер астықты солтүстік өңірден тасуға мәжбүр. 2015- жылға республикалық тұрақтандыру қорынан бөлінген 35 мың тонна бидайдың 18 мыңы наубайханаларға жеткізілген. Егін ору науқанына әлі бірнеше ай бар. Еске салайық, өткен жылдың қыркүйегінде де нан бағасын 5 теңгеге көтерілген болатын. Ол кезде бағаның өсуін аймақтағы ең ірі наубайхана - «Рамазанның» өкілдері жанар-жағармай құны мен коммуналдық төлемдердің қымбаттауымен байланыстырған.

Қаржаубай Ибрайымұлы, Ақтөбе облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Үкіметтің қаулысы шықты март айында. Нанның бағасын 4 теңгеге дейін көтеруге биылға дейін рұқсат берді. Стаб фондынан бөлінетін нанның бағасын. 4 теңгеге көтеруге.

Мансұр ЕСХОЖИН